30 Сәуір 19:38

Алматы облысының Кеген ауылы карантинге жабылады

Фото:

Кеген ауданында тағы үш азаматтан COVID-19 анықталды. Сонымен бүгінгі күні Кеген ауданында коронавируспен ауырғандар саны 6-ға жетті.

Алматы, NEGE. Сондықтан Кеген ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің арнайы қаулысы шығып, Кеген ауылы уақытша карантинге жабылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Пациенттер - 1957, 1971 және 1987 жылы туған азаматтар. Олардың 2-еуі бұған дейін ауырған сырқатпен байланыста болғандықтан Кеген аудандық орталық аурухананың провизорлық бөлімінде карантинде болатын. Енді 3 науқас та Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылады.
Олармен байланыста болғандар – 12 адам. Барлығы оқшауландырылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде.

Тегтер: