19 Сәуір 09:13

Алматы облысындағы бір кент карантинге жабылды

Фото:

Алматы облысындағы Кербұлақ ауданының орталығы да карантинге жабылды. Сарыөзек кентіндегі қатаңдатылған сақтық шаралары бүгіннен бастап күшіне енді. 

Алматы, NEGE. Қабылданған қаулы бойынша тұрмыстық зат сататын, түрлі қызмет көрсететін орталықтар жабылып, тұрғындардың көшеде жүруіне және қоғамдық орындарға баруына тыйым салынып отыр. Бір отбасынан тек бір адамға алғашқы қажеттілік үшін және дәрі-дәрмек, азық-түлік алу үшін сыртқа шығуына рұқсат етілген. Қауіпсіздік талаптарының күшейтілуіне елді мекендегі 6 адамның індет жұқтыруы себеп болып отыр. Науқастар Еңбекшіқазақ ауданындағы ауруханаға жатқызылған. Олармен қарым қатынаста болған 54 кісіден сынама алынып, тексерілуде. Өңірдің 41 тұрғыны COVID 19 ауруына шалдыққан. Оның 8-і жазылып шықты.

Тегтер: