21 Сәуір 15:40

Алматы облысында тағы 3 адам індет жұқтырды

Фото:

Алматы облысында тағы 3 адам індет жұқтырды Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары – 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан жағынды алу мен COVID-19 инфекциясына алынған анализдерінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Сырқаттардың жалпы саны 232 адаммен, соның ішінде 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және сыртта қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды. Сонымен, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті.

Тегтер: