9 Сәуір 15:34

Алматы облысында карантин күшейді

Фото:

Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов карантин режимі мен кейбір шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды. 

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 12 сәуірінен бастап келесі шектеу шараларын енгізу жоспарланған.

Жаң қаулыға сәйкес, мына нысандардың қызметі тоқтайды: 

банкет залдары;

театр, кинотеатр;

облысаралық/қалааралық/ауданаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар қозғалысы;

қалааралық/ауданаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы);

спорт шаралары, оның ішінде аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі чемпионаттарды, жарыстарды өткізуге тыйым салынады;

білім беру орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастика және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер;

мәдениет нысандары (мұражайлар, мәдениет үйлері, концерт залдары және т. б.);

құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын нысандардан басқа, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған);

туризм субъектілерінде (нысан) сиымдылығы 80 пайыздан аспайтын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға (жеке бару немесе бір отбасы мүшелері үшін, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бетперде тағу ұсынылады);

Сондай-ақ, келесі нысандардың жұмысын шектеу тапсырылды:

сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда нысандары жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбіде 500 шаршы метрден аса сауда нысанының (құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын нысандардан басқа) қызметіне, сауда нысаны ішіндегі азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмыс істеуге тыйым салынады.

қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыстырылуы тиіс (штат кестесінде 15-тен аса қызметкер болғанда).

супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін.

Тегтер: