7 Қазан 09:19

Алматы облысында 27 көлік асуда тұрып қалды  

Фото:

Алматы облысында 27 көлік қар салдарынан Кеген асуында тұрып қалды.

Алматы, NEGE. «Сағат 16.40-та Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Кеген ауданында, «Кеген-Ақсай» облыстық маңыздағы автожолдың 15-шақырымындағы Кеген асуында қардың мол жаууынан көліктер жиналып қалғаны хабарланды», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен. Оқиға орнына жеткен кезде биіктігі 7-8 см қар салдарынан жазғы шинамен жүрген автокөліктер биіктікке шыға алмай жатқаны анықталған. Жалпы, асуда 27 көлік, оның ішінде 6 жүк көлігі тұрып қалған.

«ТЖД қызметкерлері Кеген ауылына 4 адамды эвакуациялады – ауруханаға бара жатқан ер адамды және екі баласы бар әйелді. «Қазавтожол» ЖШС қызметкерлері автожолды тазарту және инертті материалды шашу бойынша жұмыстар жүргізді. Қар тоқтады, автокөліктер қалыпты режимде қозғалуда. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», – деді ведомстводан. Еске салайық, «Қазгидромет» ауа райының бұзылуына байланысты 6 өңірде ескерту жариялап отыр.

Тегтер: