9 Сәуір 12:43

Алматы облысында 12 сәуірден бастап шектеу шаралары күшейеді

Фото:

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Сыдымановтың жаңа қаулысы жарияланды.

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес:

Толтырылуы 50%-дан жоғары, соның ішінде залдарда 30 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;

Ойын алаңдары, ойын-сауық объектілері, оның ішінде түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, РS-клубтар, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, цирктер, бильярд залдары, театрлар, кинотеатрлар, қалааралық/ауданаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы, облыстық және республикалық деңгейдегі чемпионаттарды, жарыстарды өткізуге тыйым салынады.

Білім беру орталықтарынан басқа, секциялар мен үйірмелер, оның ішінде спорттық, би, гимнастикалық және тағы басқаларға;

Мәдениет нысандары (мұражайлар, мәдениет үйлері, концерт залдары және т. б.);

Құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын объектілерден басқа, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған) жұмысына тыйым салынады.

Қашықтықтан оқыту нысанын (онлайн) қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін дәстүрлі форматта оқыту тоқтатыла тұрады.

Адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметін жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзарту, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту көзделеді.

Көріністік, салтанатты жаппай іс-шаралады, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, корпоративті, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Жерлеу рәсімдері саны 15 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен жүргізілуі тиіс.

Жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тыйым салынады, тек шығару және жеткізу жұмыстарына уақыт бойынша шектеусіз рұқсат етіледі. Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін келушілердің ас залында болуына тыйым салынады.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады (еске алу, корпоративтер, банкеттер, тойлар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және т. б.).

Супермаркет, гипермаркеттер сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ашық, жабық, азық-түлік және азық түлік емес базарлары толымдылығы 30%-дан аспайтын, кіре берісте термометриямен, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Қаулы 2021 жылы 12 сәуірде 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Тегтер: