18 Наурыз 19:59

Алматы: Медициналық ұйымдарға 43,1 млрд теңге бөлінді

Фото:

Алматыда коронавирус инфекцияның алдын алу және оған қарсы күрес бойынша қала әкімдігі мен қоғамдық денсаулық басқармасы арнайы іс-шаралар қабылдады.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді.

«КВИ пандемиясына және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі мен қоғамдық денсаулық басқармасы 11 000-нан астам заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алды. Қаладағы барлық жұқпалы аурулар стационарларының реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері толық жабдықталды. ӨЖЖ аппараттары, HiFLO жоғары ағынды оттегі терапия аппараттары, оттегі концентраторлары сатып алынды, КВИ-мен ауыратын науқастар үшін жеке операциялық блоктар ашылды», – деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 298 мобильді бригада құрылып, 948 қызметкер жұмыс істейді.

БМСК мақсаты – пациенттерді амбулаториялық жағдайда мониторингтеу, диагностикалау және емдеу. КВИ мен пневмониядан болатын өлім-жітімді азайту және реанимациялық пациенттерді емдеу тиімділігін арттыру үшін Алматыда Анестезиология және реанимация мобильді орталығы құрылды.

Жұқпалы аурулар ауруханалар деңгейінде тұрақты түрде жағдайы ауыр дәрежедегі науқастардың жай-күйіне мониторинг және өлім жағдайына байланысты талдау жүргізіледі. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде өлім-жітім көрсеткіші 2,5 есеге төмендеді.

«Амбулаториялық науқастардың жағдайын, сондай-ақ пациенттердің карантиндік режимді сақтауын бақылау үшін қыркүйек айында Телемедицина орталығы құрылды. Телемедицина орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, 2020 жылдың қараша айынан 2021 жылдың наурызына дейін 17 000-нан астам кіріс қоңырауы және 98 000-нан астам шығыс қоңыраулары қабылданды. Жедел медициналық жәрдем қызметінде диспетчерлік қызмет күшейтіліп, заманауи реанимациялық жабдықтармен жарақтандырылған 135 арнайы қызмет машинасы сатып алынды. Осылайша, Алматыдағы ЖМЖҚ автопаркі 80%-ға жаңартылды және қазіргі уақытта қала тұрғындарының өмірін сақтап қалу үшін ең озық техникаға ие», – деп атап өтті басқармадағылар.

Диагностикалық бөлімшелер мен зертханаларда қамтамасыз етілді. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарына рентген аппараттары, компьютерлік және магнитті-резонансты томографтар, стационарлық және жылжымалы УДЗ аппараттары, электрокардиографтар, көптеген зертханалық жабдықтардың жеткізілді.

COVID-19 вирусын анықтауға ПТР-тестінің диагностикасы үшін балалар жұқпалы аурулар ауруханасының базасында модульдік зертхана ашылды.

Тәулігіне 5000-ға дейін ПТР-тест тексеріледі. Зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Пандемия кезінде 5000-нан астам медицина қызметкері жұмылдырылды. Инфекциялық стационарларда кадр резерві қалыптастырылды, онда 2500-ден астам медицина қызметкері, оның ішінде 375 дәрігер, 1 582 орта медициналық персонал, 452 кіші медициналық персоналы мен еріктілер.

Бүгінгі таңда қаланың барлық стационарлары білікті мамандармен толық қамтамасыз етілді.

«Коронавирустық пандемия басталғаннан бері Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеп, «қауіпті аймақта» жұмыс істеген медициналық ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыға үстемеақы төленді. 2020 жылдың 10 айы үшін үстемеақы төлеудің жалпы сомасы 16,7 млрд теңгеден астам сомаға жүзеге асырылды. Қаладағы медицина ұйымдарында КВИ ғана емес, басқа да аурулары бар пациенттерді емдеуге арналған стационарлар, төсек орындары, мамандар және жабдықтар жеткілікті», – деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тегтер: