9 Ақпан 18:00

Алматы маңынан арыстан табылды

Фото:

Кеше әлеуметтік желіде Алматы маңындағы ауылдардың бірінде арыстан жүргені туралы ақпарат тараған болатын.

Алматы, NEGE. Оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекторлары жедел жеткен. Тараған ақпарат расталды. 

Арыстанның қазіргі жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметкері Самал Ибраева фейсбук парақшасында хабарлаған болатын. 

Nege.kz тілшісі министрлікке хабарласып, оқиғаның жай-жапсарын сұраған болатын.

"Қазір арыстанның жағдайы жақсы. Осы уақытқа дейін арыстанды 28 жастағы азаматтың ұстап келгені белгілі болды. Қазір ол іспен біздің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы айналысып жатыр. Арыстанды қайда, қалай орналастыру жөнінде де жұмыс жүргізілуде. Ол жабайы аң болғанымен, адамдарға зияны жоқ. Қолға үйретілген", - деді Самал Ибраева. 

Тегтер: