24 Наурыз 16:47

Алматы: блокпостты айналып өтпек болғандар ұсталды

Фото:
Алматы облысында блокпосттарды айналып өтпек болған 4 адам бес тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

.

Алматы, NEGE. "1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны еліміздегі төтенше жағдай тәртібін бұза отырып, Алматы қаласының аумағына "Ақсай" өзені арқылы жасырын өтуге тырысқан. Екінші жағдайда Алматы облысының  1968 жылғы тұрғыны осы әдіспен карантин жарияланған аумаққа өтуге әрекеттенген.

Тағы да бір Алматы облысының тұрғыны Іле ауданының Покравка елдімекенінің маңындағы №22 тосқауыл-бекеті жанында ұсталды. Төртінші құқықбұзушы Қырғызстанның 2000 жылғы тұрғыны болып шықты. Шетел азаматшасының өзімен ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. Қазіргі жағдайда аталған азаматтардың әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жазаланатыны белгілі",- деп хабарлады Қарасай ауданы Полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр.

Ұсталғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен олар бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Қырғыз Республикасының азаматшасы барлық жағдай анықталғанға дейін қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылды. 

Тегтер: