21 Қазан 12:34

Алма-Арасанда өрт шықты

Фото:

Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында өрт шықты.

Алматы, NEGE. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 30 өрт сөндіруші қызыл жалынға оранған қарағай мен шыршаларды 3 сағатқа жуық өшірген. Оқиға орнына 14 техника тартылды. Тіпті қажет болған жағдайда өртті әуеден өшіру үшін тікұшақ әзірленді. Алайда әуе техникасының көмегі қажет болған жоқ. Департамент өкілдерінің мәліметінше, шатқалдағы орманның негізгі бөлігіне зақым келген жоқ.

Тегтер: