26 Сәуір 15:49

Әли Оқапов пен Диас Аблаевтың тойдағы видеосы тексерілуде

Фото:

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар мен блогерлер қатысқан тойдың видеосы пайда болды

Алматы, NEGE. Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр. Видеоға қарағанда мерекелік іс-шара Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғанын аңғаруға болады. Шараға қатысушылар арасында Әли Оқапов, Индира Еділбаева және бірнеше Instagram-блогер бар.

Ресми ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматының мониторингтік тобы қазір бұл деректі зерттеп жатыр.

«Видео бақылау тобына жіберілді. Іс-шара қай жерде өткенін анықтаймыз», - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиетің тойдағы видеосы тексерілген болтын. Ұйымдастырушылар мен әртістер жазалануы мүмкін екені хабарланған. 

Тегтер: