17 Тамыз 10:18

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21,6 миллионға жуықтады

Фото:

Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 21,5 миллионнан асты. 

 

Алматы, NEGE. Джонс Хопкинс университетінің ақпаратына сүйенсек, 17 тамыз сағат 07.15-тегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирус 21 млн 593 607 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 773 685, жазылып шықты – 13 млн 593 678 науқас.

Коронавирус ең көп анықталған 15 ел: АҚШ - 5 402 803 Бразилия - 3 340 197 Үндістан - 2 589 682 Ресей – 920 719 Оңтүстік Африка Республикасы – 587 345 Перу - 525 803 Мексика - 517 714 Колумбия - 456 689 Чили - 385 946 Испания - 343 813 Ұлыбритания – 320 343 Сауд Арабиясы – 298 542 Аргентина – 294 569 Пәкістан – 288 717 Бангладеш – 276 549 Италия – 253 915 Франция – 252 965 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы соңғы статистикаға сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21 260 760 адамды құрайды. Қайтыс болды – 761 018 адам. Коронавирусқа қатысты ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының мәліметі бойынша, Қазақстанда індет 102 696 адамнан анықталды. Оның ішінде 81 558-і індеттен айықса, 1269-ы қайтыс болды.

Тегтер: