5 Қазан 15:15

Алдағы үш тәулікте күн күрт суытады

Фото:
Алдағы үш тәулікте Қазақстанға салқын антициклон  келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

  
Алматы, NEGE. «Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі синоптикалық жағдай солтүстік-батыстан жақындап келетін суық антициклонмен анықталатын болады. Ол бұлтты өрістерді біртіндеп таратады, осыған байланысты түнде ауа  температурасы минус мәндеріне дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген 6-8 қазанға арналған дүйсенбіде таратылған хабарда.  
Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.

Тегтер: