21 Сәуір 17:13

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото:

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 22-24 сәуіріне ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болжанады.

Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Тегтер: