23 Қараша 12:59

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:

Синоптиктер 24-26 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, –  деп хабарлайды «Қазгидромет» өкілдері. 

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батысында жауын-шашын жауады.

«Кезең ішінде Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашынсыз ауа райын сақтай отырып, солтүстік-батыс антициклон сілемі өз әсерін тигізуді жалғастырады. Циклон Скандинавия түбегінің аудандарынан елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды, ол жауын-шашын әкеледі, кейбір аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтеріледі. Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді», – деді синоптиктер.

Тегтер: