4 Тамыз 21:21

Алаяқ 15 тұрғынның малын айдап кетті

Фото:

Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғыны жергілікті 15 тұрғынның малын алдау жолымен алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Ер адам ет саудагері болып танысып, тұрғындардың малдарын айдап әкететін болған. Қобда аудандық полиция бөлімінің өндірісінде ауданға қарасты Өтек, Терісаққан, Білтабанов ауылдарының тұрғындардың сеніміне кіріп, тиесілі малдарын айдап әкеткен. Мал ұрлаған ер адамға қатысты көп эпизодтық іс тіркелді. Күдікті ет сатушысы ретінде танысу жолымен малды сатуға келісіп алған соң, хабарсыз кеткен. Кейбір жәбірленушілерге ер адам толық сенімге ие болу үшін малға ақшаның бір бөлігін төлеген. Барлығы 15 зардап шеккендер анықталды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тегтер: