31 Наурыз 12:39

Аймағамбетов: әлем бойынша 850 млн оқушы қашықтан оқып жатыр

Фото:

Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 6 сәуірден бастап кірісетін қашықтан оқыту жөнінде соңғы дайындық жұмыстарына тоқталды. 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, елімізде 5 миллионнан астам оқушы, студент бар. "16 наурыздан бастап еліміздің студенттері қашықтан оқып жатыр. Қазір еліміздің мектептері бұл іске кірісіп жатыр. Ұстаздар да үйден жұмыс істеуде. Олардың цифрлық сауаттылығына көңіл бөліп жатырмыз. Білім беру ресурстарын тізім бойынша ақысыз пайдалануға болады" деді министр. Сондай-ақ, ол әр облыс, қала, аудан білім бөлімдерінің жанында Coll-орталықтары жұмыс істейді. 

Әрине, біз бұл жүйеге төтенше жағдай салдарынан көшіп отырмыз. Еліміздің орта білім жүйесінде қашықтан оқыту бұрын-соңды болмаған, тіпті Білім туралы заңда да қарастырылмаған. Яғни, техниканың жетіспеушілігі, интернеттің қолжетімсіздігі үлкен мәселе. Тіпті, интернет платформасы да дайын емес.  
Бұл тұрғыда алдағы күндері қиындықтың туындайтынын жасырмайтын минист Аймағамбетов бәріне түсіністікпен қарауға шақырды. "Әрине, бәрін түсінуге болады. Шалғайдағы елді мекендерде интернет ұстамайды. Кей отбасында компьютер жоқ. Біз шама-шарқынша мәселені шешуге тырысамыз. Себебі, қазір әлем бойынша 850 млн-ға жуық оқушы қашықтан оқуға көшкен" деді. 

 

Тегтер: