7 Сәуір 15:29

Айгүл Мүкей 46 жасында ұлды болды

Фото:

46 жастағы белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей ұл босанды. Бұл туралы тележүргізушінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алматы, NEGE.  Ол медициналық қызметкерлерге алғыс айтып, өзі үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, амандығын тілеген жақын адамдарына да ризашылығын білдірді.

«Аллаға шүкір, ұл босандым. Бүгін сағат 12.19-да тағы бір батыр дүниеге келді. Сабырлы, қараторы, әжесі сияқты. Мен әлі өз-өзіме келе қойған жоқпын ... », – деп жазды бақытты ана.

Айта кетсек, тележүргізушінің бір ұлы мен бір қызы бар. Енді ол үш баланың анасы.

Тегтер: