16 Шілде 14:15

Әділет министрі: Жұмыс берушінің қызметкерді ақысыз демалысқа жіберуге құқы жоқ

Фото:

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер мен азаматтардың ең өзекті сұрақтарына жауап берді.

Алматы, NEGE. Карантин кезіндегі көкейтесті мәселенің бірі жұмыс берушінің қызметкерді мәжбүрлі түрде ақысы төленбейтін демалысқа жіберуі болып отыр. Жұмыс берушінің бұл әрекеті заңсыз. Егер, жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімі мен өтініші негізінде болған жағдайда ғана заңды болып белгіленеді.

Егер сіз санитарлық ережелерді сақтамай дүкенге, дәріханаға немесе басқа да жабық үй-жайға бетпердесіз кірсеңіз, сізге айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, олардың иелері сізді ішке кіргізбеуі мүмкін, себебі олар келушілерді қорғау маскаларынсыз жібергені үшін жазаланады.

«Ал жаппай іс-шаралар өткізу, тіпті жеке үйдің ауласындағы жиындар да қылмыстық іс болуы мүмкін. Бірінші рет 83 мың теңге айыппұл төлейді, бірақ егер отбасылық отырыстар жаппай жұқтыруға себеп болса, немесе адам өліміне әкеп соқтырса, ұйымдастырушыларға 2 мың АЕК айыппұл салуға немесе тіпті ең көп дегенде 10 жылға бас бостандығынан айыруға болады», - деп ескертті Әділет министрі.

Кәсіпкерлер мен азаматтардан өздерін ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндірмеу үшін осындай іс-шараларды өткізуден бас тартуды сұрады.

Барлық құқықтық сұрақтар бойынша Әділет министрлігіне 119+7 (7172) 58-00-58 нөмірі немесе WhatsApp арқылы хабарласуға болады:+7 708 693 5631.

Тегтер: