23 Қазан 17:07

Қандай әйелдер еркекті тез мезі етеді?

Фото:

Кейде әйел адам өзі білместікпен ерінің шамына тиіп, оны мезі етіп жіберетінін түсінбейді. Тіпті, кейде күйеуінің көңілінен шығамын деп жанталасатын келіншектер де еркекті жалықтырып жіберуі мүмкін екен.  Syrlasu.kz ер азаматты лезде мезі етіп жіберетін әйелдердің топ үштігін ұсынды.

Алматы, NEGE. Ер азаматқа әйел адамның төмендегі қылықтары ұнамайды:

Ерінің анасына айналу

“Мен саған айттым ғой!” деген сөз кез келген еркектің титығына тиері сөзсіз. Өзін күйеуінің анасы ретінде ұстайтын әйелдер сүйіктілерінің ашуын жиі тудырады. Олар қалай тамақ ішіп, қалай киіну керек екенін айтып, бұйырып отырады.

Өзін-өзі бағаламау

Кейбір әйелдер өздерін жұбайларына толығымен арнаған. Олар өздерін тұлға ретінде көрмей, тек күйеулерінің көңілінен шығуды ғана ойлайды. Мұндай әйелдер еркекті тез мезі етеді. Ол жанында өзімен ойы бір, өзін-өзіне қарайлайтын, құрметтейтін нәзікжандының болғанын қалайды.

Талапшыл болу

Ұдайы өтініш жасап, талап қоя беретін әйел көптеген еркектің шамына тие алады. Егер әйел таңертеңнен кешке дейін ер адамға риза болмай, одан қаржылай тұрақтырылық талап ете берсеңіз, еріңізді қажытып жіберуіңіз мүмкін. Ол сіз үшін ештеңе істегісі келмейтін болады.

Тегтер: