28 Сәуір 22:00

Мемлекет ломбардты неге қаржыландырмайды?

Фото:

Елімізде төтенше жағдайдың орнауы әсіресе, кәсіпкерлерге оңай соққан жоқ. Көптеген азамат жұмыссыз қалды, кейбір кәсіпкерлер жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Олардың ішінде ломбардтар да бар. Бүгін осы салада жүрген бір топ азамат билікке базынасын жеткізді. 

Әуелі сөз алған Автокөлік кепілімен несие беру компаниялары қауымдастығының президенті Дулат Тастекеев мырзаның айтуынша, қазір еліміздегі ломбард жүйесі де экономикалық шығынға батудың алдында тұр. "Халыққа тиімді жүйеге мемлекет тарапынан қолдаудың болмай отырғаны талай кәсіпкерді тығырыққа тіреді" дейді ол. 

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді,  жылжымайтын мүлікті (ломбардтар) кепілге қойған заңды тұлғаларға қысқа мерзімді несие беруді уәкілетті орган «Микроқаржы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде реттейді. Сәйкесінше, реттеушілердің талаптары күшейтілуде. Өздеріңіз білесіздер, елде төтенше жағдай кезінде тауарлардың жекелеген санаттары, соның ішінде ең қажетті тауарлардың бағалары көтеріле бастады. Осыған байланысты, қаржылық ұйымдар, оның ішінде ломбардтар халықтың азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, жалдамалы тұрғын үй, коммуналдық төлемдер және басқа да қажеттіліктерге ақша алуға қол жетімділігін реттеуі қажет. Бірақ домбард сияқты кәсіптік сектор белгісіз себептермен экономиканың қаржылық тұрғыдан зардап шеккен секторларының қатарына кіре алмады.

Үлкен шығынға батқанына арамастан, мемлекеттің саясатына сүйеніп, халыққа қолдау көрсеткен бұл сектор мемлекет тарапынан ешқандай көмек ала алмады. Неліктен мемлекетке ломбардты мемлекеттік бағдарламамен қаржыландыру мәселесін қарастырмасқа? Төтенше жағдай кезіндегі шығындардың орнын толтыруға септігін тигізетін еді. Ломбардтар Заң бойынша жұмыс істеуге дайын, бірақ заңда енгізілген барлық өзгертулер мен толықтырулар талқылау аясында қабылдануы керек. Жұмыс тобы егер қабылданған шешімдер дұрыс болмай қалған жағдайда, шешімді өздері қабылдағандықтан, кінәні өз мойындарына алу үшін қажет. Тағы да назар аударатын жайт, ломбардтар қаланың ішінде еркін қозғала алатын ұйымдар қатарына кірмейді. 

"ҚАЗАҚСТАН ЛОМБАРДТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ”  төрағасы Асхат Ізтілеуовтің айтуынша, ломбард банкке несие қарызын төлеуді кейінге қалдыру туралы өтінішпен жүгінді, себебі 2020 жылдың 26 ​​наурызындағы № 167 бұйрықты орындау үшін олар шығынға ұшырады, өйткені өздерінің борышкерлеріне 3 ай бойы қарыз төлемеуге мүмкіндік берді. "Бірақ банк ломбардтың төтенше жағдайдан жапа шеккен кәсіптік секторға кірмегендігі үшін өтінішті қабылдамады. Бүгінде, ломбардтардың шығын көлемін азайтуға, бизнестің табыстылығын сақтап қалуға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Қазіргі уақытта шығындарды төмендетудің алғышарттары жоқ, керісінше, инфляцияға байланысты шығындардың көбейетіндігі мәлім.
Реттеушінің қатаң талаптары, біздің ойымызша, жылжымалы мүлікті кепілге қойып, жүзеге асырылатын несиелік қызметтерді ұсынатын ломбардтардың 90% нарықтан кетуіне әкеледі, алдын-ала мәліметтер бойынша, бұл салада жұмыс орындарынан шамамен 20000-нан 30000 адамға дейін айырылады, бұл олардың отбасыларының кем дегенде 60,000 - 90,000 мүшелеріне әсер етеді" дейді ол. 

Айта кету керек, осындай қиын кезеңде Агенттік Қауымдастықтармен және бизнес өкілдерімен келіспей, қандай да бір себептермен ломбардтарға қойылатын талаптарды қатаңдата түсетін ережелер қабылдауды қолға алды. Мысалы, есепке тұру үшін тіркелу 2020 жылдың 1 мамырына дейін жүзеге асуы тиіс, ал төтенше жағдайды ескерсек, жұмыскерлер үй жағдайында жұмыс істейтіндіктен талаптарды орындау қиын. Сонымен, Кәсіпкерлік кодекстің 83-бабының 5-тармағына сәйкес, реттеушілік әсерге талдау жүргізу жаңа реттегіш құралды енгізудің немесе реттеуді қатаңдатудың міндетті шарты. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құралдардың реттеуші әсерін талдауды жүргізу және пайдалану ережелері 21-тармақта қарастырылған. Реттеушілер қатаң талаптар енгізу барысында, ауыл тұрғындарының жағдайын ескермеді. Осы жағдаяттарға мән берсек, анализдің дұрыс жасалмағанын, заң талаптарының бұзылғанын көреміз.

"Ломбард қызметін реттейтін заңнамадағы жақында болған өзгерістер бизнес-қоғамдастықта үлкен резонанс тудырғанын ескере отырып, 2020 жылдың 30 наурызында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырған бейнеконференцияға қатыстым.Төраға орынбасары Нұрлан Алмасұлына ломбард қызметіне байланысты сұрақтар қойылды. Абдрахманов Н.А. мырзаға  ломбард өкілдерімен бейнеконференция өткізіп, бизнес-қоғамдастықтың барлық сұрақтарына жауап беру жайлы ұсыныс тастадым.  Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін біз ресми жауап ала алмадық. Ломбард өкілдерінің бейнеконференциясы да ұйымдастырылмады. Агенттік Төрағасының орынбасары Агенттікке сұрақтармен тікелей хабарласуды өзі ұсынса да, біздің әлі жауап ала алмағынымыз қынжылтты" деген Асхат Әлімұлы билікке үндеуін жолдады. 

"Құрметті билік өкілдері! Ломбардтар қызметінің артықшылығы - ол қарапайымдылық пен жеделдік, яғни өтініш берген күні ақша қаражатын алу. Негізгі клиенттердің жұмыс орны жоқ, жинақ ақшасы жоқ, теріс кредиттік тарихы бар және т.б., бірақ ақшалай қаражат алу үшін кепіл ретінде болуы мүмкін зергерлік бұйымдар, автомобильдер және өзге де заттар бар. Сондай-ақ, ломбард кредитті рәсімдеу кезінде ЕДБ, микроқаржы ұйымдары сияқты қашықтықтан жұмыс істемейді, өйткені жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы рәсімдеу қарыз алушының міндетті түрде қатысуын көздейді. Бірақ бизнеске қалай жұмыс істеуге болады, логика қайда? Ломбардтар ТЖ кезінде зардап шеккен  кәсіпорындарға жатқызылмаған, жүріп-тұруы шектелген мемлекеттен шығындарды өтеу түріндегі көмек жоқ"... 

Тегтер: