12 Наурыз 11:52

89 мектеп карантинге жабылды

Фото:

 Бүгінгі таңда елордадағы 22 мектепте карантин жалғасуда. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтылды. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оқу жылының басынан бастап елорда бойынша барлығы 89 мектеп карантинге жабылды. Бүгінгі таңда 22 мектепте карантин жалғасуда», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова. Еске сала кетсек, бұған дейін жыл басынан бері елордада 7 603 адам коронавируспен ауырғанын хабарлағанбыз. Елордада Covid-19-бен сырқаттану деңгейі 9,9% артқан. Соңғы тәулікте Covid-19 инфекциясының 112 жағдайы тіркелді.

Тегтер: