28 Қазан 20:55

78 жастағы зейнеткер өртенген үйде қайтыс болды

Фото:

Қарағанды облысында бүгін түнде 3 елді мекенде тұрғын үйлерді от шарпыды. Өрт салдарынан екі адам зардап шекіп, біреуі қаза тапты, 19 адам эвакуацияланды.

Алматы, NEGE. 27 қазан күні сағат 17:50-де Ақтоғай ауданы Шашубай кентінде, бір қабатты тұрғын үйде қатты отынмен жылытатын пешпен жылыту ережелерін бұзу салдарынан (түтін мұржасы тазаланбаған) 1983 жылы туған ер адам улы газбен уланған.

Ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Тағы бір өрт 28 қазанға қараған түні болды. Сағат 02:38-де Жезқазған қаласының Есенберлин көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде тоңазытқыштың жанғыш бөліктері өртеніп кетті.

Қарағанды облысы ТЖД күшімен пәтерлерден баспалдақ маршы бойынша 19 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.

Өрт 03:01-де сөндірілді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.

«Сол түні сағат 05:24-те Саран қаласында Некрасов көшесі бойынша бір қабатты жеке тұрғын үйде үй заттары мен жиһаздар, сондай-ақ веранданың ағаш конструкциялары жанған. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. 78 жастағы үй иесі қайтыс болды. Өрт 06:34-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен адам өлімінің себебі анықталуда», – деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

 

Тегтер: