23 Қараша 09:12

644 бала коронавирустан емделіп жатыр

Фото:

Елімізде коронавирус жұқтырған 644 бала емделіп жатыр.

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 644 бала бар. Стационарларда 3 225 науқас жатыр, 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 200 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Тегтер: