3 Қараша 12:49

57 елдің азаматтары үшін визасыз режим 1 мамырға дейін тоқтайды

Фото:

 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің саны аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарады. 

Алматы, NEGE. Ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы шектеу шаралары ұзартылады. Атап айтқанда, Қытай халық республикасы мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұру туралы шешім келер жылдың 1 қаңтарына дейін созылады.

Сонымен қатар 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру 2021 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Бұдан бөлек, комиссия отырысында республика бойынша карантиндік шараларды күшейту мәселесі де сөз болды. Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі: – Қазіргі таңда әлемде вирустың таралуына қатысты жағдай өте күрделі болып тұр. Еліміздің бірнеше өңірінде вирус жұқтырған адамдар саны өсуде. Сондықтан өңірлерде карантиндік шараларды күшейту және жалпы еліміздегі санитарлық-экпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауға алу, вирустың таралуына жол бермеу аса маңызды міндет болып табылады.

Тегтер: