23 Қараша 13:17

42 500 теңге тағы төлене ме?

Фото:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша қазіргі уақытта 42 500 теңге әлеуметтік төлем ешкімге тағайындалмаған.

Алматы, NEGE. Телеграмм-боттар мен басқаларына жіберіліп жатқан осы сипаттағы барлық хабарламалар жалған болып табылады әрі ол алаяқтыққа жатады. Оны тіркеу кезінде алаяқтар сол адамның жеке мәліметтері мен ЭСҚ-ға (электрондық цифрлы қолтаңба) қол жеткізе алады. ЭСҚ-ны бейтаныс адамдарға, тіпті мемлекеттік қызметкерлерге ешқашан жібермеңіз! Расталмаған ақпарат көздеріне сенбеңіз! - делінген министрлік хабарламасында.

Тегтер: