14 Шілде 19:51

42 500 теңге қашаннан бастап түседі?

Фото:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмектің мән-жайын айтты.

Алматы, NEGE. «42 500 теңге ТЖ кезіндегі ереже бойынша беріледі. Яғни, табысынан айырылған азаматтар, оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға. 

Бұл жолы көмек бір айға қарастырылған. Оператор – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Алдыңғы жолы қаражат шектеулі екенін хабарлағанбыз. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бір аптаның ішінде қаржылық мәселені шешуі тиіс. 

Жұма өтініш тастауға арналған барлық портал жұмысын бастап, дүйсенбіден әлеуметтік көмекті төлеуді жоспарлап отырмыз», – деді министр ОҚК брифингінде. 

Оның айтуынша, 17 шілдеден бастап әлеуметтік төлемге өтініш қабылдана бастайды. 

Тегтер: