30 Маусым 14:33

3 мыңнан астам адамды кене шақты

Фото:

Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан астам адамды кене шақты.

Алматы, NEGE. «ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 9 эндемиялық аймақта 3 202 тұрғынды кене шақты.

Өткен жылы бұл көрсеткіш – 3 229 құраған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі – 31,1%. Кене шаққандардың 86%-ына, яғни 2 733 адамға инфекциядан қорғау үшін вирусқа қарсы иммуноглобулин салынды. Ал 17,2%-ы медициналық мекемеге кеш жүгінгеніне, өзінің бас тартуына және соңғы күндері иммуноглобулиннің жетіспеушілігіне байланысты егілмеді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кенеден зардап шеккендердің үлесі бойынша көш басында Өскемен (40%) тұр.

«Эпидемиологиялық маусымның басынан кене энцефалитінің 12 жағдайы тіркелді. Бұл пациенттердің ешқайсысы аурудың алдын алу мақсатында кене шаққанын айтып, дәрігерге хабарласпаған. Сондай-ақ олар кенеден қорғану үшін сақтық шараларын ұстанбаған», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Тегтер: