26 Сәуір 18:14

35 тонна асфальт зауытқа қайтарылды

Фото:

Алматыда Алатау әкімдігімен бірге жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізу кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасынан мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Учаске асфальтбетон жабынын төсеуге дайын емес болып шықты. Бұл асфальтбетон жабынының сапасына және оны одан әрі пайдалану мерзіміне әсер етеді. Сондықтан, асфальт төсеу жұмыстары уақытша тоқтатылды және асфальт зауытына қайтарылды. Мердігер компания жіберген қателіктерді және ескертуді 3-4 күн ішінде жоюы керек», – деп хабарлады басқармадан.

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы атап өткендей, зауытқа 35 тонна асфальт қайтарылды.

Тегтер: