28 Сәуір 20:47

187 литр алкоголь тәркіленді

Фото:
Алкоголь сатқан Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынына 80 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Тайынша ауданы тұрғынынан 187 литр алкогольдік өнім алынды. Спирттік ішімдікті заңсыз сату фактісі кешке аудан орталығы көшесінде масаң күйде жүрген жергілікті тұрғынды ұстағаннан кейін белгілі болды. Масаң күйдегі ер адам “отырысты” жалғастырмақшы болған, бұған дәлел өзімен бірге болған 1,5 литр ащы су. Ол полицейлерге ішімдікті Тайыншада тұратын 65 жастағы әйелден алғаны туралы айтқан. Жергілікті тұрғындардың шағымдарына және енгізілген карантиндік шараларға қарамастан, әйел үйінен ащы су сатуды тоқтатпаған. Одан бес литрлік 37 бөтелке спирттік ішімдік алынды. Алынған ішімдік сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды, баппен 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделген. Бұдан бөлек, әйелге ақпан айында да заңсыз әрекеті үшін айыппұл салынған болатын. Ал масаң күйдегі аудан тұрғынына қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін материал жиналды. “Жыл басынан заңсыз айналымнан 400 литрден астам алкогольдік өнім алынды. Барлық шаралар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың себебі болып жататын маскүнемдікке қарсы күреске бағытталған. Осы жылы алкогольдік масаң күйде 200-ден астам қылмыс жасалған. Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін 3647 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәжбүрлеп емделуге 62 солтүстікқазақстандық жіберілді, тағы 55 адамға қатысты емделуге жіберу туралы шешім қабылданды”, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.
 

Тегтер: