Жер реформасы: Жерді мұраға беру мәселесі талқыға салынды

17 апреля, 13:47

Фото: inbusiness.kz

Бүгін елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы өтіп жатыр. Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға беру мен 49 жылға дейін жалдау мерзімін сақтау мәселесі талқыға салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Экономикалық жұмыс тобының үшінші отырысына 33 адамның 26-сы қатысты. Отырыста ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға беру және 49 жылға дейін жалдау мерзімін сақтау мәселесі қаралды. Жұмыс тобының басым бөлігі ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін жалға беруді қалдыруды қолдады.

«Жерді 49 жылға дейін жалға беру мерзімі Қазақстанда алғаш рет 1995 жылы Жер туралы заңға сәйкес қабылданған. Содан бері 26 жыл өтті. Бұл шарт ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың жүйесін қалыптастырды», - деді экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев.

Оның айтуынша, Ресей, Өзбекстан, Украина және тағы басқа елдерде ауыл шаруашылығы жерлері жалға 49-50 жылға беріледі. «Тағы бір мәселе – жалға алу құқығын мұраға қалдыру туралы ұсыныс. Ол Жер кодексінің 40-бабымен реттеледі. ҚР Конституциясына сәйкес, мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі және ол шектелмеуі тиіс. Яғни мұрагерлік мүмкіндігі жерді жалға берген мерзімі шегінде ғана іске асады», - деді экономикалық жұмыс тобының басшысы. Бұл ұсынысты 25 адам қолдады, 1 адам қарсы болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации