USD
USD
USD

Шекарашылар 820 млн теңгеден астам экономикалық залалдың алдын алды

Браконьерлік торлардан 420-дан астам бекіре тұқымдас балық, 11 040-тан астам ұсақ балық және 21 итбалық шығарылды. 

Шекарашылар 820 млн теңгеден астам экономикалық залалдың алдын алды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. ҚР ҰҚК Баспасөз қызметінің хабарлауынша 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша департаменттері Каспий теңізі акваториясында жүзудің қолайлы режимін қолдау, браконьерліктің жолын кесу және су биологиялық ресурстарын қорғау бойынша бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Шекарашылар мемлекеттік шекара режимін бұзған 56 адамды, аумақтық және ішкі су режимін бұзған 85 адамды, су ығыстыруы әртүрлі жүзу құралдарының 43 бірлігін, 220 мың метрден астам  желілер ұстады. 820 млн теңгеден астам сомаға экономикалық залалдың алдын алды, құқық бұзушыларға 3,5 млнтеңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгертіледі

Оқушы

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

Франция президенті

Қазақстанда мәдениет және ақпарат саласындағы 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек

Конституция

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды

Аурухана