USD
USD
USD

Зульфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанлоның басы тағы да дауға қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Зульфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) таратқан мәлімет көздеріне сүйенсек, бір жылдан бері үлкен жарыстарға шықпаған Чиншанлоға тағы да допинг қолданды деген айып тағылды. 

Жарыстан тыс кезеңде алынған міндетті допинг-бақылаудан кейін ауыратлет спорттық қызметтен уақытша шеттетілген. Оның сынамасынан «Метандиенон» анаболикалық стероид белгілері байқалған. Егер, спортшының допинг қолданғаны расталып жатса, ол тағы сегіз жылға спорттан шеттетілуі мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, Чиншанло 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қоссайыс қорытындысы бойынша 226 (95 + 131) келіні бағындырып, чемпион атанған болатын. Өкінішке қарай жеңіс тойы ұзаққа бармады. Оның Олимпиада ойындарында допинг қолданғаны дәлелденіп, алтын медалінен айырылып қалды. Сондай-ақ медалінен айырылып қана қоймай, 2016-2018 жылдары барлық санаттағы жарысқа қатысу құқығынан айырылды. 

Алайда, спорттан шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін спортшы Токио Олимпиадасына қатысып, 55 келі салмақта ел қоржынына қола медаль салған болатын.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия