USD
USD
USD

Зорлық-зомбылық белгілері бар: Былтыр жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

ШҚО полицейлері кісі өліміне қатысты өткен жылы жасалған қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зорлық-зомбылық белгілері бар: Былтыр жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген Ұлан ауданы тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.

2022 жылдың 16 тамызында жергілікті тұрғын Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне өзінің 47 жастағы әпкесі үйден шығып кетіп, қазіргі уақытка дейін оралмағаны туралы хабарлаған. Полицейлер оның Ұлан ауданында тұрып, жұмыс істегенін және үш баланың анасы екенін анықтаған.

Полицейлер аталған деректі тіркеп, дереу жоғалған адамды іздеуге кіріскен. Бес айдан артық уақыт бойы ШҚО полицейлері 47 жастағы жоғалған адамды үздіксіз іздестірді. Барлық полиция бөлімшелеріне жоғалған тұлғаның белгілерімен бағдарлар жолданды.

3 қаңтарда Ұлан АПБ-ға жеке үйдің ауласында әйел адамның сөмкесі табылғаны туралы және ішінде жоғалған әйелдің жеке куәлігі бар деген жедел ақпарат келіп түскен. Полиция қызметкерлері келіп, аймақты қарап, қазу барысында іздестіруде жүрген, зорлықпен өлтірілген әйел адамның мәйітін тапқан. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адамға қатысты сот күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси