USD
USD
USD

Зорлық көрсетті: Назарбаев университеті студент қыздың мәлімдемесіне жауап берді

Назарбаев университетінің баспасөз қызметі білім беру мекемесінің басшылығы жағдайды түсіну үшін тергеуге жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді.

Зорлық көрсетті: Назарбаев университеті студент қыздың мәлімдемесіне жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Назарбаев университетінің студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр. Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді", - деді Назарбаев университетінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде жас қыз Назарбаев университетінің оқытушылары мен техникалық қызметкерлер тарапынан болған бірнеше жәбірлеу және зорлау фактілерін білетіндігін, сондай-ақ жоғары курста оқитын студент қыздар төменгі курста оқитын қыздарды қудалайтыны туралы бейне хабарлама таратты.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры