USD
USD
USD

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев ісі арқылы танылып, кейін Құрылтай депутаты атанған Айжан Аймағанова заң шығарушы органдағы екі аптасы қалай өткенін айтып, желіде видеоүндеу жариялады. Осы уақыт ішінде ол депутат ретінде 18 адамды жеке қабылдап, олардың ұсыныс-тілегін тыңдап үлгеріпті.

Құрылтай депутаты
Фото: Видеодан кадр/Құрылтай

Астана, NEGE. Айжан Аймағанова Құрылтайда Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі атанғанын, осы екі аптаның ішінде бір заң бойынша жұмыс тобын өткізгенін айтады. Сонымен қатар оның бірнеше заң жобасы бойынша жұмыс топтарына кіргені мәлім болды.

Депутат Құрылтайда атқарған жұмысы туралы есеп беруден бөлек, өзіне қолдау білдірген азаматтарға желі арқылы алғыс айтуды да жөн көріпті.

«Осы жылдардың ішінде халықтан да, журналистерден де зор қолдау сездім. Бүгін осындай мүмкіндікке ие болып отыруыма сіздердің де үлестеріңіз бар деп білемін», – дейді Аймағанова.

Айта кетейік, Айжан Аймағанова Құрылтайға «Әділет» партиясы ұсынған тізім бойынша өткен.

 

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты