USD
USD
USD

Зинедин Зидан: «Реал Мадридтен кетемін»

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан ойыншыларға маусымның соңында командадан кететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Зинедин Зидан: «Реал Мадридтен кетемін»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Goal мәліметінше, француз маманы бұл шешімін "Севильяға" қарсы матч (2:2) алдында жариялаған.

Бірқатар ақпарат көзіне сүйенсек, 48 жастағы маман психологиялық және физикалық күйзелістен шаршаған. Ол клубтың чемпион болған-болмағанына қарамастан командадан кеткісі келеді.

Зидан "Реал Мадридті" 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен мадридтік клуб өткен маусымда Испания чемпионы атанған.

36 матчта 78 ұпай жинаған мадридтік клуб Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында тұр. "Атлетико Мадрид" 80 ұпаймен көш бастап келеді.

Қазір оқып жатыр

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда ағаштарды рұқсатсыз кескендерге қатысты іс қозғалды

Ағаш кесу