Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зимбабведе пілдер белгісіз себеппен қырылып жатыр

Соңғы сегіз күнде Зимбабвенің оңтүстігіндегі Хванге қорығында кенеттен қырылған пілдердің саны 22-ге жеткен.

Зимбабведе пілдер белгісіз себеппен қырылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Біз пілдердің не себепті қырылғанын әлі білмейміз. Алдын ала зерттеу жүргізген мамандардың пікірінше, олардың өліміне бактериялық жұқтыру себеп болған. Алайда, бактерияның дәл қай түрі екені түсініксіз», - деп мәлімдеді Зимбабве қорықтар мен жабайы табиғатты қорғау басқармасының өкілі Тинаше Фараво.

Алғашқы болып қырылған 12 піл 29 тамыз күні Хванге қорығы мен Пандамасуэ орманының шекарасында, Виктория сарқырамасының маңында табылған.

«Барлық жануарлардың азулары бүтін болған, яғни бұған браконьерлердің қатысы жоқ екенін білдіреді», - деп атап өтті Фараво.

Екі тәуліктен соң Хвангеде осыған ұқсас жағдайда қырылған тағы 10 пілдің өлексесі табылды. Қорық билігі екі жастан алты жасқа дейінгі пілдердің бойы тым аласа болатындықтан ағаш басынан жапырақ жей алмайтындығын айтады.

Сондықтан олар жерге жақын өсіп тұрған жапырақтарды, сондай-ақ шөпті жеп, сол арқылы ауру тудырушы бактериялар жұқтырып алуы мүмкін деген болжам жасап отыр. 

Қазір оқып жатыр

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf