Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жүзден астам балалар үйі жабылды

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина елдегі жетім балалардың саны туралы мәлімет берді.

Жүзден астам балалар үйі жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда республикада 23 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Оның тек 4 мыңы ғана балалар үйінде тұрады. Ондай мекемелердің саны жылдан-жылға азайып келеді. Тек соңғы 10 жылда жетім балаларға арналған 114 ұйым қысқарды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, балалар үйінің қысқаруына қамқорлықсыз қалатын балалардың азаюы түрткі болған.

«Бүгінде елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 96 ұйым жұмыс істейді. Соңғы 10 жылда осы ұйымдардың тәрбиеленушілерінің және жалпы жетім балалардың контингенті ел бойынша 10 мыңға қысқарды. Ал соңғы 3 жылда контингент 2 мың бала тізімнен шығарылды», - деп қорытындылады Юлия Овечкина.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА