Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жүздеген адам қаржы пирамидасынан зардап шекті

Қарағанды облысында жергілікті тұрғындар 80 миллион теңге салым салған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

Жүздеген адам қаржы пирамидасынан зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Қарағанды. NEGE. "Ақпанда Қарағанды облысында қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметі тоқтады. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18 пайыз және валютамен алты пайыз мөлшерінде жыл сайын табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден аса соманы жеке тұлғалардан жинап алған", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі "қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 180-нен аса жәбірленуші анықталған.

Өзге ақпарат тергеуге байланысты жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық