USD
USD
USD

Жұрт БЖЗҚ қаражатын енді пластикаға жұмсауға көшті

БЖЗҚ шегерімдері пластикалық хирургияға деген қызығушылықты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізді.

БЖЗҚ
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Біржолғы зейнетақы төлемдеріне енгізілген жаңа шектеулер елдегі медициналық қызметтер нарығына күтпеген серпін берді. Қыркүйекте стоматологиялық қызметтерге, ал осы айдың басында көз емдеуге тыйым салынды. Сондықтан азаматтар БЖЗҚ қаражатын пайдаланудың басқа жолдарын іздей бастады. Бірінші несие бюросының дерегінше, пластикалық хирургияға сұраныс соңғы төрт жылда болмаған көрсеткішке жетті.

2021 жылдан 2025 жылғы 1 қарашаға дейін пластикалық операцияларға бар болғаны 1 631 өтініш ғана мақұлданған. Ал қараша айында 2 277 өтініш орындалып, азаматтар 2,1 млрд теңге пайдаланды. Қазан айымен салыстырғанда өтініш саны 33 есе, ал төленген сома 39 есе өскен. 

Пластикалық хирургияға сұраныстың күрт артуына себеп – БЖЗҚ қаражатын пайдалануға болатын медициналық қызметтер тізімінің бірінен соң бірі жабылуы. Стоматологиядағы бұғаттаудан кейін сұраныс офтальмологиялық қызметтерге ауысып, қазан айында рекордтық көрсеткішке жеткен. Дегенмен күмәнді жағдайлар анықталып, желтоқсанның басында көз емдеу қызметтеріне де өтініш қабылдау уақытша тоқтатылды.

Қарашада көз аурулары бойынша 9,8 мың өтініш орындалып, жалпы 8,4 млрд теңге төленді. Бұл қазан айымен салыстырғанда шамамен үштен біріне төмендеген. Сонымен қатар, бұрын орындалған өтініштердің бір бөлігі қайта тексеріліп, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару жағдайлары көбейген. Стоматологияда да қаражатты кері қайтару үрдісі жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.