USD
USD
USD

Жүрсін Ерман Балғынбек туралы: Діни секталар қарамағына алып кетті ғой

Ақын Жүрсін Ерман Балғынбек Имашев туралы пікірін Нартай Аралбайұлының ютуб-арнасына берген сұхбатында білдірді.

Жүрсін Ерман Балғынбек туралы: Діни секталар қарамағына алып кетті ғой
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Пенденің пендешілігіне мен жауап бере алмаймын ғой. Биыл да, көктемде Балғынбекке айттым "Е, айналайын сен қазір бабыңда жүргенде айтысқа қатыссайшы" - дедім. Ол "Жоқ мен айтысты қойдым. Жасым кеп қалды" - деді. Мен түсінбеймін осындай жасым кеп қалды деп, жаңа қой ісегінде қартаяды дейді ме? Кешегі үлкен адамдар, Жамбылдар шамасы келмей қалғанша өлеңін айтып, жырын жырлап айтыстың ортасында жүрді ғой. Бұлар басқа бір пайдаларды көрді. Бұларды кішкене уақытында діни секталар қарамағына алып кетті ғой. Соғым берді, үй берді, ақша берді, сөйтіп теріс жолға салып жіберді. Содан әлі шыға алмай жатыр деп ойлаймын. Әйтпесе, Балғынбек жарқырап айтыста жүрмей ме!? Халыққа абыройы бар. Айтысты басқарғысы, жүргізгісі бар болса мен-ақ орнымды берейін. Бірақ, көрінген әлем-жәлем бірдеңелермен ұпай жинаймын деп, халыққа сүйкімді боламын деу жәй ғана пендешілік қой деп ойлаймын" - деді Жүрсін Ерман журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт