USD
USD
USD

«Журналистпін» деген уәж өтпеді: Ақтау тұрғыны Instagram-дағы бейнежазба үшін айыппұл арқалады

Ақтаулық блогер Instagram желісіндегі парақшасында қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің бейнежазбасын жариялағаны үшін сотқа тартылды.

желідегі алауыздық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бейнежазбада іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған екі тұрғын көрсетілген. Олар өздерінің суреттерін пайдалануға және таратуға келісім бермегенін айтып, блогердің үстінен сотқа шағым түсірген. Шағым түсірушілер бейнематериалды алып тастауды және моральдық зиянды өндіріп алуды талап еткен.

«Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың суретін оның келісімінсіз пайдалануға тыйым салынады. Ақтау қалалық №2 соты іс материалдарын қарап шыққаннан кейін жауапкердің өзін қоғам қайраткері немесе штаттан тыс журналист екендігі туралы дәлелдерін ескермеді», – делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ сот бейнежазба жарияланған адамдардың келісімі талап етілмейтін материалдар санатына жатпайтынын атап өтті. Бұған қоса бейнежазбаның жариялануы мен ондағы теріс пікірлер талап қоюшыларға моральдық күйзеліс тудырғаны анықталған.

Сот блогерге бейнежазбаны Instagram парақшасынан алып тастауды және талап қоюшылардың әрқайсысына моральдық зиян үшін 200 мың теңгеден өтемақы төлеуді міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті