USD
USD
USD

Журналисті аңдып жүрген кімдер?

Әлеуметтік желіде белгілі журналист Михаил Козачков өзін әлдебір адамдардың аңдып жүргенін жазды. Козачков өзінің телеграм каналында аңдушылардың кім екенінің видеосын жариялады. Бірақ олардың қай органның адамдары екені белгісіз. 

Журналисті аңдып жүрген кімдер?
Фото: NEGE.kz

«Артымыздан аңдып жүрген көлікті қазақстандық нөмірлер бойынша ортақ базадан іздеп көрдік, бірақ ешқандай мәлімет таба алмадық. Аңду үшін жалған нөмірді пайдаланған болуы керек. Ақылы жолдар базасынан да тексердік. Ешқандай нәтиже жоқ. Көлік тіркелмеген болып шықты. Осыған байланысты Бас прокурорға қояр сұрағым бар», – деді журналист. 

М.Козачковтың жазуынша, оны аңдушылар Антикордан болуы мүмкін.

Nege.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне хабарласып, мәселенің анық-қанығын білмек болған. Алайда Антикордың баспасөз қызметі былай деп қысқа қайырды: «Жоғарыда аталған автомобильдердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қатысы жоқ».

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметімен тілдесу мүмкін болмағандықтан, Бас прокурор Берік Ноғайұлының атына осы мәселеге қатысты ресми сауал жолдайтынымызды ескертеміз. 

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер