USD
USD
USD

Журналистерге арнайы мәртебе беріледі

Елімізде журналистердің мәртебесін белгілейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы БАҚ басшыларымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналистерге арнайы мәртебе беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басқосуда Дархан Қуандықұлы көпшілікті бүгінгі күні министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Сондай-ақ, журналистерді дайындау мен біліктілігін арттыру және статусын көтеру тұрғысынан жүзеге асатын жобалар туралы айтты.

«Мәжіліске ұсынылуы жоспарланып отырған масс-медиа туралы заңның басым бағыты бұл журналистердің статусын көтеруге бағытталған. Біріншіден, журналистерге әлеуметтік жағдай жасау көзделіп отыр. Бірақ, бұл журналистің сөз бостандығын шектемейді. Жеңілдетілген несие алуына, баспанамен қамтылуына мүмкіндік береді»-деді ол.

Сондай-ақ, министр заң жобасына сәйкес БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігі артатынын айтып өтті.

«Журналиске берілетін жауаптың мерзімін қысқартуды ұсынып жатырмыз. Журналисттік зерттеуге қатысты болатын кез келген ақпаратқа журналист жеңіл қол жеткізуі керек»-деді министр.

Кездесуде Дархан Қуандықұлы бас редакторлардың ұсыныстарын тыңдап, аудандық, қалалық басылымдардың жай-күйіне қатысты туындаған сұрақтарға кең көлемде жауап берді.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев