Референдум Референдум
USD
USD
USD

Хасан Қасымбаевтың соты: Журналистерге жәбірленушінің айғақтарын жариялауға тыйым салынды

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Хасан Қасымбаев
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Сот отырысы басталмас бұрын судья Айнагүл Тукубаева өткен сот отырысында жәбірленушінің берген айғақтары жарияланған және өзге де видеоларлың БАҚ беттерінде, әлеуметтік желіде тарап кетуіне байланысты журналистерге ескерту жасады.

Судьяның айтуынша, жәбірленушінің сот залында берген айғақтарының тарап кетуі куәгерлердің жауабына әсер етеді.

«Сот отырысында жәбірленушінің және басқа да адамдардың айғақтарын БАҚ-та жариялау шектеледі. Себебі, жәбірленушінің берген айғақтары әлеуметтік желіде тарап жүр. Бұл әлі сотта жауап бермеген куәлардың айғақтарына әсер етуі мүмкін. Аталған талап орындалмаған жағдайда сот тергеу аяқталғанға дейін БАҚ өкілдерінің қатысуын шектеуге мәжбүр болады», – деді судья Тукубаева.

Судьяның шешімімен журналистер сот залынан шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов