Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Журналист Михаил Козачковты кім аңдып жүр?

Жуырда белгілі журналист М.Козачков өзін әлдекімдердің аңдып жүргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, екі көлік күн ұзаққа соңынан қалмайды. Әріптесіміз тіпті аңдушылардың видеосын да жариялады.

Журналист Михаил Козачковты кім аңдып жүр?
Фото: NEGE.kz

Осы іске байланысты Nege.kz порталы Бас прокурор Берік Асыловтың атына ресми сауал жолдаған.

Журналист М.Козачковқа қатысты қылмыстық немесе азаматтық іс қозғалды ма? Журналисті аңдып жүрген кімдер болуы мүмкін? Қадағалаушы орган бұған рұқсат берді ме? Заңсыз аңду бойынша М.Козачков бас прокуратураға шағым түсірді ме? Жаңа Қазақстанда журналистердің құқығы қаншалықты қорғалады?

Осы сауалдарымызға ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Б.Мажреновтен жауап келді.

«АЖО СДТБТ ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес жоғарыда аталған тұлғаға қатысты тіркелген қылмыстық іс жоқ және де журналист М.Козачковтың шағымдары Бас прокуратурамен қаралмаған», – деп жауап берді Б.Мажренов.

Журналистердің құқығын қорғауға қатысты сұрағымыз сол күйі жауапсыз қалды. Соған қарағанда, Бас прокуратура журналистердің құқығын қорғауға аса құлшынбайтын  сияқты...

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар