Журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты Бас прокуратура пікір білдірді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Бас прокуратураның хабарлауынша, М.В.Козачков 2022 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерімен ұсталған.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы М.В.Козачковты осы ұйымдасқан топқа қатысты (ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі), рейдерлік жасады (ҚР ҚК-нің 249-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен (ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі)айналысты деп күдіктенуде.
Осыған байланысты М.В.Козачковтың тұратын пәтерінде тергеу сотының санкциясының негізінде күдіктінің жұбайының, куәгерлердің қатысуымен және бейне жазбаны пайдалану арқылы тінту жүргізілген.
Туындаған резонансты ескере отырып, 2022 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі жоғарыда аталған процестік әрекеттерді жасауға негіз болған мән-жайларды дереу жұртшылықтың назарына ұсынған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында.
Бұл ретте М.В.Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасын және жоғарыда аталған тергеу іс-әрекетінен уақтылы қол жеткізуде оны қорғауды қамтамасыз ететін адвокаттың кедергі жасау белгілерін бұзу туралы хабарламаларға ерекше назар аударылатын болады.
Үндеуді қарау нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабарланатын болады", - делінген хабарламада.
Қазір оқып жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін
«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды