2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Журналист Бейсен Құранбек өмірден өтті

Белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Журналист Бейсен Құранбек өмірден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.

2013-2017 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Nege.kz порталының ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті