2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Журналист Темірлан Енсебектің ісі бойынша сотта куәгерлерден жауап алынды

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтіп жатыр.

Сот отырысы
Фото: сот залынан

Алматы, NEGE. Бүгін, 11 сәуірде сот залында куәгерлерден жауап алынды. Темірлан Еңсебекке қатысты іс бойынша тінту кезінде түсініктеме беруші ретінде қатысқан куәгер Әлихан Ержанұлы мен тінту кезінде сол жерде болған Мария Кочневадан жауап алынды.

Адвокат Жанар Балғабаева бақылаушылардың барлығын сот отырысына  кіргізу үшін кеңірек зал қарастыруды сұрады. Судья Бейнегүл Қайсина соттың бұдан үлкен залы жоқ екенін алға тартты. Сонымен қатар, басқа залдарда да сот отырыстары өтіп жатқанын және трансляция жасауға техникалық мүмкіндік жоқ екенін айтты.

Темірлан Еңсебектің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша іс қозғалып жатыр. Бұған дейін сотта прокурор Дидар Қабаев айыптау қорытындысын оқып, Темірлан Енсебекке қатысты қылмыстық қудалау 2024 жылғы 21 қаңтарда жарияланған посттан кейін басталғанын мәлімдеді. Сол күні ол сатиралық Qaznews24 парақшасында «Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге жауап қайтарды» деген тақырыппен жазба жариялаған. Жазбаға «Йоу, орыстар» атты ән қоса салынған. Әннің мәтіні ұлтаралық араздық тудырып тұр деген айып тағылды.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті